ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА САЯБАҚ» ШАРАСЫ ӨТТІ
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жаңа форматта жалғасуда. 2026 жылғы 17 наурызда облыс орталығы мен аудандарда бірқатар тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Тараз қаласы «Денсаулық» саябағында «Таза саябақ» экологиялық акциясы өтті. Шара барысында жастар көшеге тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Таза Қазақстан» бастамасы – қоғамды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыратын маңызды жобалардың бірі. Бұл акция аясында тұрғындар экологиялық жауапкершілікті тереңірек түсініп...