Қордайда жұмыссыздар қатары сиреп келеді
Жақында Қордай аудандық прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті «Мансап» орталығының бастамасымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтармен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар да қатысты.
Іс-шара барысында бірқатар кәсіпорындар мен мекеме өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыс берушілер қатарында «Жиһаз-2» және «Korcem» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Қордай ауданы бойынша шекара қызметі басқармасы...