ОРК Конституция жобасы бойынша референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады
17 наурыз күні Астанада Қазақстанның Референдум жөніндегі орталық комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров жексенбіде өткен жалпыұлттық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады. Ол содан бір күн өзі жария еткен алдын ала қорытынды көрсеткішіне ұқсас шықты.
Ресми мәлімет бойынша, дауыс берген 7 954 667 азамат (87,15%) жаңа Конституция жобасын қолдап, 898 099 адам (12,85%) қарсы болған.
Барлығы 9 127 192 адам, яғни ресми тіркелген сайлашылардың 73,12% референдум бюллетенін алған.
146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған...