Референдум өткеннен кейін Оразалы Ержановты абақтыдан үйқамаққа ауыстырды
Қазақстандық қоғам белсендісі Оразалы Ержанов тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылғанын 16 наурыз түстен кейін "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы, журналист Вадим Борейко хабарлады.
Ержанов Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша референдумға "ақылды бойкот" жасау жөнінде бастама көтергеннен кейін ұсталған. Референдумға шығарылған құжатты сынға алған белсенді жобаға келіспейтін азаматтарды дауыс беруге қатысудан бас тартатыны жайлы Референдум жөніндегі орталық комиссияға өтініш жазып, оның тіркелгенін...