Атырауда мұғалім әйелдің қазасына күдікті ретінде күйеуі ұсталды
Атырау қаласында үйдегі жанжал салдарынан 58 жастағы әйел қаза тапқан. Адам қазасы туралы суыт хабар полицияға 16 наурыз күні шамамен таңғы сағат үш жарым кезінде түскен деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.
Полиция бұл оқиғаға байланысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын айтты.
"62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", деп хабарлады...