DEMOSCOPE: салық реформасы қазақстандықтардың шығынын көбейтті
Қоғам пікірін зерттейтін DEMOSCOPE бюросы жүргізген "Салық реформасының тиімділігін бағалау" атты зерттеуінің қорытындысына қарағанда, сауалнамаға қатысқан адамдардың көбі жаңа салық кодексі күшіне енгеннен кейін шығыны артқанын айтқан. Бұл туралы Vlast басылымы жазды.
Шығындар мен үнемдеуСауалнамаға жауап берген респонденттердің 77,6% жаңа жылдың басынан бері шығыны өскенін хабарлаған: 54,4% – шығын айтарлықтай өсті, ал 23,2% – аздап өсті деген.
Зерттеу сауалдарына жауап бергендер шығынын үнемдеуге мәжбүр екенін айтқан...