Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылды
Ақтауда қалалық аурухана перзентханасында дүниеге келген ұл балаға ата-анасы ерекше есім берді – республикалық референдум құрметіне Ата-Заң деп атады.
Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Ата-ана бұл есімді Конституцияға құрметтің белгісі ретінде және елде өтіп жатқан республикалық референдумның естелігі ретінде таңдағандарын айтты.
Соңғы жылдары Қазақстанда маңызды оқиғалар мен құндылықтарды бейнелейтін ерекше есімдер жиі қойылып жүр. Әсіресе тарихи мәні бар шешімдер...