Әр азаматтың таңдауы ел болашағы үшін маңызды: Жамбыл облысының әкімі референдумда дауыс берді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты.
Өңір басшысы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.
Ербол Қарашөкеев бұл күннің ел үшін айрықша мәні бар екенін атап өтіп, әрбір азаматты референдумға белсенді қатысуға шақырды.
– Өңір тұрғындарының белсенділігі мемлекеттің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі болатынына сенімдімін, – деп атап өтті облыс әкімі.