Тоқаев дауыс берген учаскеден журналистерді полиция ұстап әкетіп, 3 сағаттан соң босатты. Арасында Азаттық тілшісі бар
Жексенбі күні Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінен полиция Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайды әкетіп, Алматы аудандық полиция басқармасында үш сағат ұстап, босатты.
"Журналисті не себепті ұстадыңыздар?" деген сұраққа өзін Сейіт Бұқарбай деп таныстырған кезекші бөлімдегі адам: "ол заңға қайшы әрекет істеді ме, жоқ па, соны анықтап білеміз" деп жауап қатты.
Одан бөлек ұсталған тағы 3 адам ұсталған. Олардың екеуі – журналист Сәния Тойкен мен Informburo басылымының тілшісі. Кейінірек олар да босатылған.