Құқық қорғау тобы екі белсендінің ұсталғанын хабарлады
Павлодар облысы Екібастұзда азаматтық белсенді Жанат Жамалиев ұсталды деп хабарлады “Белсенділер экстремист емес” тобы.
Facebook-та Гүлжан Мұратбаева есімді қолданушы 14 наурызда полиция учаскесінде белсендінің қан қысымы 230-ға дейін көтеріліп, жедел жәрдем қызметі шақырылғанын жазды. Оның сөзінше, сот оны 20 тәулікке қамаған.
“Жедел жәрдем шақырды! Қан қысымын 180-ге түсірді. Менің ойымша, Жанатқа медициналық көмек керек, оны ауруханаға дереу жатқызу керек деп ойлаймын. Бірақ судья Жанатты 20 тәулікке соттап...