Жамбыл облысында биыл 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда
Жамбыл облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылуда.
2026 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 57 434 адам тіркелген. Оның ішінде 31 055 азамат халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.
Аталған санаттағы тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында облыста әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, сонымен...