Аймақтар бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде аймақтар өз бюджетін жоспарлап, табысын арттыруға басымдық беретінін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс. Біз жергілікті биліктің әлеуетін және аймақтардың қаржылық дербестігін біртіндеп күшейтіп жатырмыз. Былтыр ауылдық округтердің бюджеті 442 миллиард теңгеден асты.