Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 2,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы қарқынды дамып, өңір экономикасының маңызды бағытына айналуда. Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 160 кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді.
Олардың қатарында сүт өнімдерін тереңдете өңдейтін – 19, ет өнімдерін өңдейтін – 38, мақсары майын өңдейтін – 2, астықты терең өңдейтін – 3 кәсіпорын бар. Сонымен қатар 62 наубайхана жұмыс істейді, оның 44-і бөлке нан пісіреді. Бұдан бөлек, өңірде жүн мен теріні өңдейтін ...