The Insider: мыңдаған шетел фирмасы Ресейге қарсы санкцияны айналып өтеді
6 мыңнан астам шетелдік экспорттаушы компания санкцияға ілінген ресейлік компаниялар мен Ресей әскери-өнеркәсіп кешеніне тауар жеткізеді. Мұны ресейлік компаниялардың 2024–2025 жылғы сыртқы сауда деректерін қарап шыққан The Insider басылымы анықтады.
Басылымның мәліметінше, бұл компаниялар Қытайға (шамамен 4000), Түркия (шамамен 300), БАӘ (шамамен 120) және Үндістанға (60) тиесілі. Олар жалпы алғанда санкцияға ілінген компаниялар және әскери-өнеркәсіптік кешен мердігерлерімен сауданың үштен екі бөлігін қамтамасыз етеді.