Өзбекстан Таяу Шығыс елдерінен 25 мыңнан астам азаматын эвакуациялады
10 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша Өзбекстан Таяу Шығыс елдерінен 25 047 азаматын эвакуациялады. Бұл жөнінде Өзбекстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Атап айтқанда,
Сауд Арабиясынан — 21 017;Біріккен Араб Әмірліктерінен — 3 555;Ираннан — 47;Қатардан — 394;Бахрейннан — 27;Оманнан — 7.Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі кезде өзбек азаматтары әуе кеңістігі жабылмаған елдерден эвакуацияланып жатыр.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға жаппай әуеден соққы жасағаннан кейін Иран Израиль мен Американың Таяу Шығыстағы әскери нысандарын соққылаған.