Шымкентте баланың ішегінен магнит пен металл заттар шыққан
Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен металл заттарды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Бала іші қатты ауырғанына шағымданып, жедел жәрдем бригадасымен қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.
"Уақыт өте жағдайы жақсармады, іш ауруы басылмады, сондықтан біз көмек сұрап, баланы ауруханаға жеткіздік", - деді анасы.
Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтер баланы қарап, іш қуысының рентгенографиясын тағайындаған.
"Тексеру барысында ішекте бөгде заттар - магнит...