Алматыда суррогат ана баладан бас тартқан Қытай азаматтарынан ақшасын ала алмай жүр
Алматыда суррогат ана Қытайдан келген ерлі-зайыптыдан өз қызметі үшін ақшасын ала алмай жүр, олар баладан бас тартқан. Әйел полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
27 жастағы Кристина Гаврилюк ақша үшін бала көтеруге келіскен. Кепілдендірілген сыйақы - 7,5 миллион теңге. Әйелге эмбрионды Алматыда салған.
Болашақ ата-ана жүктілік кезінде ақшаны уақытылы беріп, ай сайын шамамен 200 мың теңге жалақы төлеп отырған. Бірақ асқынуларға байланысты Кристина мерзімінен бұрын, жетінші айда босанған.