Әйелдер маршына рұқсат ала алмаған феминистердің шарасына кедергі жасалды
Алматыда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні феминистер шара өткізіп, әйелдердің денсаулығы, әйелдердің бейбіт жиын өткізу құқығы, әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық мәселесін көтерді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара басында залға бір топ әйел кіріп, айқайлап, спикерлердің сөзін бөліп, кедергі келтірген. Залға келгендердің арасында "Аманат" партиясы жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, "Рахым" әлеуметтік үйінің басшысы Бибінұр Шералиева, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі құрған...