Ерлан Қошанов Парижде Ядролық энергетика жөніндегі саммитте сөз сөйледі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. Іс-шарада Қазақстаннан Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев те бар.
50-ден астам елдің Мемлекет, Үкімет, мемлекеттік орган басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, қаржы институттарының, өнеркәсіптің және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері азаматтық ядролық энергетиканың негізгі энергетикалық және...