Астанада үш қыз алаяқтық схема құрған
Астанада үш қыз ұйымдастырған алаяқтық схема әшкереленді. Бұл іс бойынша шамамен 50 ер адам жәбірленуші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.
Қыздар танысу сайттары арқылы жәбірленушілермен танысып, қарым-қатынасты жалғастыру үшін жалға алынған пәтерде кездесуді ұсынған.
"Кейіннен олар Астанада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар орналастырып, тартымды интерьердің фотосуреттерін тіркеп, алдағы уақытты бірге өткізу үшін пәтерді бір тәулікке жалға алуды ұсынған", - деп хабарлады прокуратура.