380 қазақстандық “Чилидегі компанияға“ алданып қалған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша департаменті Sirius Energy қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттік мәліметінше, ұйымдастырушы өзін чилилік "Sirius Energy" компаниясының өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңартылатын энергия көздері саласындағы жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция салуға үгіттеген.
Қаражат тек USDT криптовалютасы арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға шартты бонустар көрсетілетін жеке кабинеттер ашылған.