Қазақстан Италиядағы Паралимпиадада алғашқы медалін жеңіп алды
Қазақстанның парабиатлон бойынша алғашқы әлем чемпионы Ербол Хамитов 2026 жылғы Италиядағы Паралимпиадада ерлер арасындағы шаңғы спринтінде медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Іріктеу кезеңінен кейін қазақстандық спортшы алтыншы орын алған, бірақ жартылай финалда жеңіп шықты. Шешуші жарыста алты қатысушының арасында Хамитов үшінші орын алып, қола жүлдені иеленді.
Айта кетейік, Хамитов үшін спринттегі бұл жарыс Италиядағы Паралимпиада ойындарындағы алғашқысы емес. Бұған дейін қазақстандық спортшы парабиатлонда да жарысқа қатысқан.