Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Нұралхан Көшеровтің айтуынша, өңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өсті. 2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция, соның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция тартылды. Тікелей...