Ербол Қарашөкеев тыл ардагері мен еңбек адамын әйелдер күнімен құттықтады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тыл ардагері Фарида Алтаева мен еңбек адамы Раушан Ережепованың шаңырағына арнайы барып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Фарида Алтаева 1930 жылы дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, 37 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, білім саласында жемісті еңбек етті.
Өмірлік серігі – қоғам қайраткері, марқұм Баттал Жаңабаевпен бірге ел дамуына өзіндік үлес қосып...