Үкімет тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесін қарайды
Бүгін Үкімет отырысы өтеді. Онда Министрлер кабинетінің мүшелері тұрғын үй құрылысын дамыту мен цифрландыру мәселесін пысықтайды.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Онда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев отырыстың күн тәртібіне шығарылған мәселеге қатысты БАҚ өкілдері тарапынан туындайтын сауалдарға жауап береді.