Үкімет коммерциялық ипотеканы көбейтуді тапсырды: Отбасы банк осал санаттарға көңіл бөлмек
Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту үшін қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов тапсырма берді.
– Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырамын. Отбасы банк өз кезегінде, халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуге тиіс...