Skills Enbek: жыл басынан бері 9,9 мың жұмыссыз онлайн білім алды
2026 жылдың басынан бері 27,5 мың азамат, оның ішінде 9,9 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі — Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Платформада барлығы 1,2 млн-нан астам қазақстандық, оның 44,7 мыңы — ағымдағы жылда тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,1 мың адам оқудан өтті.
— Оқуды аяқтаған 9,9 мың жұмыссыз азаматтың 2,4 мыңы — жастар (16–35 жас аралығы).