Атырауда кісі қолынан мерт болған зейнеткерлердің қызы мен ұлының сүйегі табылды
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылының тұрғындары Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтың сүйектері 9 наурызда Атырау қаласы маңындағы Геолог ықшамауданындағы бір үйдің ауласынан табылған. Бұл туралы жергілікті "Ақ Жайық" басылымы жазды.
Ағайынды екеуі былтырғы желтоқсан айынан бері хабарсыз кеткендер тізімінде болатын. Олардың ата-анасы Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның биыл 6 қаңтарда өз үйінің сарайынан өлі табылған. Полиция ерлі-зайыпты зейнеткер қатыгездікпен өлтірілгенін хабарлап...