Беларусь журналисі Павел Добровольский "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен тоғыз жылға сотталды
Минск қалалық соты журналист Павел Добровольскийді "мемлекетке опасыздық жасағаны үшін айыпты" (Қылмыстық кодекстің 356-бабы) деп танып, тоғыз жылға бостандығынан айырды. 6 наурызда шығарылған үкімге сәйкес, журнарлист жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады деп хабарлады Беларусьтің журналистер қауымдастығы.
Сот процесі жабық өткендіктен істің егжей-тегжейі белгісіз.
Беларусьтің қуғындағы журналистері негізін қалаған Позірк сайты билік журналист Павел Добровольскийге 2020 жылғы жаппай халық...