Қазақстан Израильден қазақстандықтарды эвакуациялауға көмек сұрады
Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесіп, Израильде жүрген қазақстандықтарды эвакуация жасауға көмек сұрады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Саармен сөйлескенде "азаматтардың эвакуациясы Қазақстан үшін өте маңызды" екенін айтқан. Ал Саар Израиль тарабы Қазақстан азаматтарының эвакуациясын ұйымдастыруға бар күштерін салатынын, бұл мәселені жеке бақылауына алғанын мәлімдеген.