Мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асты
9 наурыздағы сауда-саттық басталғанда Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 120 долларға жетеқабыл болып, кейін қайта төмендеді. Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайдың бағасы барреліне 119 долларға жетті. Бірақ ол да сауда барысында кейін шегінді. Бірақ сонда да шикі мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 100 доллардан түскен жоқ.
Мұнай бағасының күрт көтерілуіне Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы себеп болды. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастаған. Қарымта қайтарған Иран...