Израиль Тегерандағы мұнай қоймаларына соққы жасады, қаза тапқандар бар
Израиль Тегерандағы мұнай қоймаларына соққы жасады. Израиль дереккөзі Reuters агенттігіне мұндағы отын қару-жарақ жасауға, сондай-ақ әскери базалардың жұмысына пайдаланылғанын айтты.
Иранның ұлттық мұнай компаниясы соққылардан ұйымның төрт қызметкері қаза тапты деп мәлімдеді.
Компания кейбір аудандарда "әділ және тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету үшін" отынды мөлшермен беріп отыратынын хабарлады.
Иран Қызыл жарты ай қоғамы мұнай қоймаларындағы жарылыстан соң улы көмірсутек, күкірт оксиді және...