Трамп Минабтағы қыздар мектебіне жасалған шабуылға Иран жауапты деп санайды
АҚШ президенті Дональд Трамп 7 наурыз күні Air Force One ұшағында БАҚ өкілдерінің осыдан бір апта бұрын Ирандағы мектепке кім шабуыл жасағаны жайлы сұрағына:
"Өзім көрген деректерге сүйенсек, мұны ирандықтар жасаған", деп жауап қатқан.
Ал Пентагон басшысы Пит Хегсет "Тергеу жүргізіп жатырмыз, бірақ бейбіт халыққа шабуылды тек жалғыз тарап – Иран жасайды", деген.
Иран билігі 28 ақпанда – АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған күні – елдің оңтүстігіндегі Минаб қаласында орналасқан қыздар...