Әйелдерді мерекесімен құттықтаған Тоқаев референдум мен Конституцияны сөзге қосты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты қазақстандық әйелдерді құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі құттықтау мәтінін жариялады.
"Қазақ аруларының парасаттылығы мен батырлығы жұртымыздың жадында жатталып, тарихында таңбаланып қалған. Осы сабақтастық қазір де сақталып отыр. Көптеген қыз-келіншектер Отанымызға қалтқысыз қызмет етіп, мектептер мен университеттерде, емханалар мен зертханаларда, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, өнер мен бизнесте...