Айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін: Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді
7 наурыздан бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді медицина қызметкерлеріне күш көрсету мен қоқан-лоқы жасау үшін жаза күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, қабылданды. Енді Қылмыстық кодексте медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел жәрдем бригадалары жүргізушілерінің қызметтік міндетін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне...