Трамп бүгін Иранға “ауыр соққы“ жасалатынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "ауыр соққы" жасалуы мүмкін екенін айтып, қоқан-лоқы көрсетті. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Трамптың сөзінше, қазір "жеңіліске ұшырап жатқан" Иран Таяу Шығыстағы көршілерінен кешірім сұрап, бұдан былай оларға оқ атпайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұған АҚШ пен Израильдің толассыз шабуылдары себеп болған.
"Бұл - Иранның мыңдаған жыл ішінде Таяу Шығыстағы көрші елдерден алғаш рет жеңілуі. Олар: "Рақмет, президент Трамп", - деді.