Танымал қазақстандық боксшының АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті: видео
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің (14-1, 7 КО) Лос-Анджелестегі үйінде өрт шықты. 37 жастағы спортшы оқиға сәтінен түсірілген кадрларды Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әшкеевтің айтуынша, ол отбасымен бірге достарына қонаққа кетер алдында күйік иісін сезген.
Мадияр гаражды ашқанда, үйдің бір бөлігіне өрт жайылған. Боксшы отбасын дереу сыртқа шығарып үлгерген.
Оқиға орнына келген өртсөндірушілер жалынды тез арада ауыздықтап, өртті сөндірген.
...