Тегеранда халықаралық әуежай өртеніп жатыр
Иран астанасында Израиль мен АҚШ-тың әуе соққыларынан кейін Мехрабад халықаралық әуежайы өртеніп жатыр. Шабуыл салдары БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тегеранның батыс бөлігінде қатты жарылыстар болған.
Куәгерлер бірнеше ірі өрт шыққанын, соның ішінде Мехрабад әуежайы маңында да өрт болғанын айтып жатыр.
Мехрабад халықаралық әуежайы - Ирандағы ең көне әрі тарихи маңызы зор әуежайлардың бірі. 2000-жылдардың басына дейін Мехрабад Иранның басты халықаралық әуежайы болды.