«ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тараз қаласындағы Достық үйінде «Әйел – әлемнің тірегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, аймақтағы әйелдер қауымы мен аналар қауымдастығының өкілдері жиналды. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Салтанатты жиында қатысушыларды мерекемен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов, облыстық ҚХА...