Таяу Шығыс елдерінде қалып қалған қазақстандықтар Тоқаевтан көмек сұрады
Таяу Шығыс елдерінде қалып қалған қазақстандықтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, көмек сұрады. Олардың мәлімдемесінен ҚазТАГ үзінді келтірді.
"Біз, қазақстандықтар, бірнеше күн бойы Дубайдағы қонақүйде болдық. Одан кейін бізді Оман атты елге әкелді. Бізге "біраз уақыттан кейін ұшаққа отырасыздар" деп сөз берді. 7-8 сағат бойы жол жүріп келдік, арамызда қарттар, мүгедектігі бар адамдар, балалар бар, алайда кешеден бері тек бір ғана ұшақ ұшты. Барлық жаңалықта Дубай мен Оманнан ұшақтар ұшып жатыр деп айтып жатыр, олай емес.