Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 3,3 мың адам оралған
Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 3,3 мың адам Қазақстанға оралды. Бұл жөнінде Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды" деп жазылған ведомствоның 6 наурыз күнгі хабарламасында.
Министрліктің айтуынша, эвакуация жұмысы "жерүсті жолдары" арқылы да жалғасып жатыр.
"Ирандағы дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7...