Әзербайжан президенті Нахчыванға шабуылды "террор акті" деп атады
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Нахчыван аймағына жасалған дрон шабуылын өткір сынап, оны "Әзербайжан аумағына, Әзербайжан мемлекетіне қарсы террор актісі" деп атады.
"Иранның ресми өкілдері Әзербайжан тарабына түсініктеме беріп, кешірім сұрауы қажет. Ал террор актісін жасағандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек" деді Әлиев қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі де шабуылды айыптап, бұл соққы аймақтағы тұрақсыздықты одан әрі күшейтеді деді. Баку Иранның Әзербайжандағы елшісін сыртқы істер министрлігіне шақыртып...