Сенат экспорттық ағындарды бақылауға қатысты құжатты мақұлдады
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды.
Қарастырылған келісімнің мақсаты — тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде олардың шығу тегін анықтау, куәландыру және растау тәсілдерін сәйкестендіру үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету.
— Келісімде тауарлардың шығу тегін анықтаудың бірыңғай белгілері айқындалды.