"Иранға жасалған соққы Қытайға да қатты тиді". Естай Божанмен сұхбат
Ирандағы билік жүйесі ауысатын болса, оның аймаққа әсері, ықпалы қандай болмақ? Тегерандағы режимнің құлауына мүдделі АҚШ пен Израиль Ирандағы оппозициялық топтарды қолдап, мақсатын жүзеге асыра ала ма? Бұл соғыстан Қытай қандай зардап шегіп отыр? Таяу Шығыс тақырыбында жазып жүрген журналист, саяси шолушы Естай Божанмен талқыладық.