НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі Түркияға қарай жіберілген Иран ракетасын жойды
Ираннан жіберілген баллистикалық ракета Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде анықталып, Түркияның әуе кеңістігіне қарай бағыт алған. Оны НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі жойып жіберді деп хабарлады Түркия қорғаныс министрлігі.
Ведомство мәліметінше, ракета Ирак пен Сирияның әуе кеңістігін кесіп өткен. Оның бөлшектері Түркияның оңтүстігіндегі Дертйол ауданына құлады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
"Біз тараптарға қақтығыстың аймақта таралуына жол ашатын әрекеттерге бармау қажеттігін ескерттік" деп жазылған...