Иранның жаңа басшысы, Қазақстанға қауіп, АҚШ-тың үздіксіз шабуылы — AzatNEWS | 04.03.2026
Соғыстың 5-күні. АҚШ пен Израиль Тегеран мен Иранның өзге қалаларын атқылап жатыр. Ал Иран зымыраны АҚШ-тың Дубайдағы консулдығына түсті. Көсем кетті, жүйе қалды. Әуе шабуылынан қаза тапқан Иранның басшысы Әли Хаменеидің орнына ұлы Мұжтаба Хаменеидің келетіні хабарланды. Қазақ кәсіпкерлер Иранға астық экспортын тоқтатуға мәжбүр. Таяу Шығыстағы шиеленістен Орталық Азияға қандай қауіп бар?