Семейде BALA PARK ойын-сауық орталығында өрт болды
3 наурызда түнде Абай облысының орталығы Семей қаласында BALA PARK ойын-сауық орталығында өрт болды.
Abai news телеграм-арнасы орталық әкімшілігіне сүйене отырып, орталықтан адамдар өздігінен эвакуцацияланғанын жазды. Желіде тараған видеоларда орталықтан ересектердің балаларды көтеріп шығарып жатқаны, кейбір балалардың ата-анасыз жүргені, шыңғырып жатқаны көрінеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 адам медициналық көмекке жүгінген, төртеуі - бала. Бір бала ауруханаға жатқызылған, үш бала амбулаторлық емдеуге жіберілген.