Стив Уиткофф: ирандықтар 11 ядролық бомбаға жеткілікті уран бар деп бөскен
2026 жылдың басында АҚШ-пен келіссөздің алғашқы кезеңі барысында Иран өкілдері Тегеранның 11 ядролық бомба жасауға жеткілікті байытылған уран қоры барын мәлімдеген. Мұны сол келіссөзге АҚШ атынан қатысқан, президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News арнасына сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, ирандықтар Тегеранда 60 пайызға дейін байытылған 460 килограмм уран барын, олардың есебі бойынша, бұл 11 ядролық оқтұмсық жасауға жеткілікті екенін "еш қымсынбастан" мәлімдеген. Иран өкілдері мұнысын "мақтан тұтып"...