Щучинскіде кафедегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті
Ақмола облысы Бурабай ауданы орталығы Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыс пен өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмған. Бұл туралы 3 наурыз күні облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысы Нариман Ермек хабарлады деп жазды ҚазАқпарат.
– Кеше денесінің 70 пайыздан астамы күйіп қалған бір науқас жан тапсырды, ал бүгін біз 85 пайыздан астам күйік шалған тағы бір адамнан айырылдық. Бастапқы күйік жарақаты мен асқынуы өте ауыр болды. Медицина қызметкерлері науқастардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.