АҚШ әскери басшылығы Иранның 11 кемесі жойылғанын мәлімдеді
АҚШ қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы операцияларын басқаратын Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы 28 ақпанда басталған сәтте Оман шығанағында болған Иранның 11 әскери кемесі мен теңіз құралдары жойылғанын мәлімдеді.
"Екі күн бұрын ирандық режимнің Оман шығанағында 11 кемесі болған, қазір бірде-бірі қалған жоқ", – делінген CENTCOM хабарында. Онда ирандық режим "ондаған жылдар бойы Оман шығанағындағы халықаралық кеме қатынасын қудалап, шабуыл жасап келгені" және "бұл кезең аяқталғаны" айтылған.